Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
_____________________________________________________________________________________ |
||
|
|
|
|
2020 жылғы 21 қазандағы №500 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың 17 сәуірінде Асан Байғабайұлы Есбосынға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14005220 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- 2. Атырау облысының Әділет департаменті:
1) А.Б.Есбосынның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) А.Б.Есбосынның адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясын қайтарып алсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі:
- Атырау облысы әділет департаментінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-3-2989 ұсынуы және 2020 жылғы 6 қаңтардағы №19-00-620 сот үкімінің көшірмесі.
Вице-министр А. Мадалиев
63
22 қазан 2020 00:00
22 қазан 2020