Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
№ 236 от 18.03.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Перизат Сексенбаевна Парзуоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 10 шілдеде берілген № 0001375 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
- Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус П.С. Парзуованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус П.С. Парзуованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласының Әділет департаментінің 06.03.2024 жылғы №-1/9814-вн ұсынысы, 04.03.2024 жылғы Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер бойынша сотының талап қою ісін жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова
108