Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
№ 205 от 05.03.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Марат Бакбердинович Абраевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 26 желтоқсандағы берілген № 22025963 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
- Павлодар облысының Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Б. Абраевтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Б.Абраевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 1/6894-вн ұсынысы, Павлодар қалалық сотының 2024 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы.
Вице-министр Д. Ваисов
125