Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
№ 99 от 03.02.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульвира Канатбековна Серкебаеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы
7 мамырда берілген № 12003020 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2026 жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын. - Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.К. Серкебаеваның назарына жеткізсін;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.К. Серкебаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жыл 25 қаңтардағы № 4-1/3860-вн ұсынысы, нотариус Г.К. Серкебаеваның 2024 жыл 24 қаңтардағы өтініші.
Вице-министр Д. Ваисов
103