Лицензиялар беру туралы
№ 700 от 22.08.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Келесі адамдарға:
- Прокурор және тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілімен прокуратура және тергеу органдарынан босатылған:
Есенгали Керимбекович Даримбековқа;
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Мамеданифе Фадлиевич Алиевқа;
Адия Жангелдіқызы Вилисқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензия туралы ақпаратты орналастырсын.
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры м.а. Р.С.Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.
Әділет вице-министрі А. Мадалиев
97
22 тамыз 2022 19:02
22 тамыз 2022