Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
№ 682 от 16.08.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Галия Алтыбековна Бадыханға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2011 жылдың 08 желтоқсанында берілген №11003166 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2023 жылдың 07 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А. Бадыханның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.А. Бадыханның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директорының м.а. Р. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 09 тамыздағы №4-05/6419-И ұсынуы.
Вице-министр А. Мадалиев
122
22 тамыз 2022 17:36
22 тамыз 2022