Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
№ 621 от 27.07.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың
23 мамырда Сарсен Куанышевич Тулентаевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19011282 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. - Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) С.Т. Тулентаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) С.Т. Тулентаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 27.06.2022 жылғы ұсынсы №06-19/4604.
Вице-министр А. Мадалиев
432
01 тамыз 2022 14:45
01 тамыз 2022