Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгуль Садуковна Амангужановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 29 сәуірдегі берілген № 0001216 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Амангужанованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус
А.С. Амангужанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус А.С. Амангужанованың өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 07 шілдедегі 2-07/5369-И ұсынысы.
Вице-министр А. Муканова
124
11 шілде 2022 09:46
11 шілде 2022