Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың
29 мамырында Абил Казбаевич Даулетбековке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002036 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. - Жамбыл облысы Әділет департаменті:
1) А.К. Даулетбековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) А.К. Даулетбековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 02.06.2022 жылғы ұсынсы, 12.04.2022 жылғы № 20-593-22-0000078 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр А. Мадалиев
136
30 маусым 2022 12:40
30 маусым 2022