Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Елена Алексеевна Мойсиевичқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылдың 18 тамыздағы берілген № 0000547 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 4 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Қостанай облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.А. Мойсиевичтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.А. Мойсиевичтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус Е.А. Мойсиевчтың 2022 жылғы 4 мамырдағы өтініші және Қостанай облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № -05/983-И ұсынуы
Вице-министр А. Мадалиев
106
12 мамыр 2022 15:49
12 мамыр 2022