Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алия Базарбековна Уалихановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылдың 21 қаңтардағы берілген № 0001294 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Уалиханованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Уалиханованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус А.Б. Уалиханованың 2022 жылғы 29 наурыздағы өтініші және Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 2-07/1867-И ұсынуы
Вице-министр А. Әмірғалиев
65
08 сәуір 2022 09:41
08 сәуір 2022