Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алмас Кайратович Нурмахамбетовке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы
31 мамырда берілген № 13008638 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
тоқтатылсын. - Алматы облысы Әділет департаменті:
1) Алматы облысының нотариаттық палатасына хабарлау;
2) көрсетілген нотариустың нотариаттық құжаттарын жеке нотариаттық мұрағатқа тапсыру;
3) жекеше нотариус А.К. Нурмахамбетовтың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 29.03.2022 ж. № 06-20/348-И ұсынуы және от 22.02.2022 жылғы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
66
01 сәуір 2022 10:27
01 сәуір 2022