Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Баян Джумабековна Байгужаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылғы
10 тамызда берілген № № 0000183 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
тоқтатылсын. - Алматы қаласы Әділет департаменті:
1) Алматы қаласының нотариаттық палатасына хабарлау;
2) көрсетілген нотариустың нотариаттық құжаттарын жеке нотариаттық мұрағатқа тапсыру;
3) жекеше нотариус Б.Д. Байгужаеваның мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 24.02.2022 ж. № 01-08/919-И ұсынуы және от 28.12.2021 ж. № 20-557-21-0005334 қайтыс болу туралы куәлігі.
Вице-министр А. Әмірғалиев
86
14 наурыз 2022 17:43
14 наурыз 2022