Лицензияның күшін тоқтату туралы
Лицензияның күшін
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы 24 ақпанда Мария Абрамовна Евтушенкоға № 0002371 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
- Қарағанды облысының Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.А. Евтушенконың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус М.А. Евтушенконың мөрін жоюды.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2021 жылы 18 қазандағы шешімі.
Вице-министр А. Әмірғалиев
70
14 наурыз 2022 16:41
14 наурыз 2022