Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанна Ерсариевна Аубакироваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы 18 тамызда берілген № 0003077 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы
03 ақпанына дейін тоқтатыла тұрсын. - Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Е. Аубакированың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Е. Аубакированың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің 10.02.2022 ж.
№ 02-05/3080 ұсынысы және Ж.Е. Аубакированың 09.02.2022 ж. арызы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
56
10 наурыз 2022 15:23
10 наурыз 2022