Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Азизжан Молутович Армидиновқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы
13 қыркүйекте берілген № 17015866 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
тоқтатылсын. - Алматы облысы Әділет департаменті:
1) А.М. Армидиновқа нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы нотариаттық палатасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) нотариаттық палатамен бірге А.М. Армидиновтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
3) жекеше нотариус А.М. Армидиновтың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.
- Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 ж. 18.02 № 06-20/238-И ұсынысы және 2021 ж. 10.09 № 20-549-21-0001335 қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі.
Вице-министр А. Әмірғалиев
63
04 наурыз 2022 15:31
04 наурыз 2022