Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нэйля Токсеитовна Егембаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылдың 3 сәуірінде берілген № 0000340 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Т. Егембаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.Т. Егембаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус Н.Т. Егембаеваның 2022 жылғы 26 қаңтардағы өтініші және Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 02-23-05/334-И ұсынуы
Вице-министр А. Әмірғалиев
55
07 ақпан 2022 08:46
07 ақпан 2022