Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Маржан Саяхатовна Токешоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылдың 5 маусымында берілген № 1200447 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.С. Токешованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамас етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.С. Токешованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус М.С. Токешованың 2022 жылғы 13 қаңтардағы өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 2-05/436 ұсынуы
Вице-министр А. Әмірғалиев
55
07 ақпан 2022 08:43
07 ақпан 2022