Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың
24 наурызда Бахтер Рахматуллаевич Смановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002993 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. - Қостанай облысы Әділет департаменті:
1) Б.Р. Смановтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қостанай облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Б.Р. Смановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 08.12.2021 жылғы ұсынсы, 01.09.2021 жылғы № 20-617-21-0003112 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
56