Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ерик Оразканович Кабдуллиннің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы 1 наурызда берілген № 0002898 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.О. Кабдуллиннің назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.О. Кабдуллиннің мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 02.11.2021 ж. ұсынысы және Алматы қ. Алмалы аудандық № 2 сотының 06.10.2021 ж. ұйғарымы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
55