Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы
1 наурызда Марат Абдигазиевич Мынбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003536 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. - Нұр-Сұлтан қаласының Әділет Департаменті:
1) М.А. Мынбаевтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) М.А. Мынбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 521/21 өтінішхаты.
Вице-министр А. Әмірғалиев
70
30 қараша 2021 15:46
30 қараша 2021