Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Эльмира Онгарбаевна Тлепбаеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылғы 14 сәуірде берілген №0000837 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2021 жылдың 07 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Э.О.Тлепбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Э.О.Тлепбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус Э.О.Тлепбаеваның өтініші және Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 02-18-06/13723 ұсынуы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
60
05 қазан 2021 11:12
05 қазан 2021