Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
|
BUIRYQ |
|
ПРИКАЗ |
2021жылғы ________ № ______________
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіменАрман МейрамхановичТашетовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 9тамыздаберілген № 0001133 мемлекеттік лицензияның қолданысы2022 жылдың 21қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1)осы бұйрықты жекеше нотариус А.М. Ташетовтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Ташетовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а.А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі:нотариус А.М. Ташетовтың өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 17қыркүйектегі№ 2-05/22873 ұсынуы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
63
23 қыркүйек 2021 16:50
23 қыркүйек 2021