Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
__________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен СофияАдаивнаКушниренкоғанотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы25 тамызда берілген № 17015073мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімгетоқтатыла тұрсын.
- Маңғыстауоблысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Кушниренконың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.А. Кушниренконың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шараларқолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Маңғыстауоблысы Әділет департаментінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 06-14/7769-И ұсынысы және Маңғыстау облысының Ақтау қалалық сотының 2021 жылғы 30 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр А. Мадалиев
67
12 тамыз 2021 10:10
12 тамыз 2021