Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
__________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіменКуралай Сейплмаликовна Рамазановағанотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы11ақпандаберілген№ 0001065мемлекеттік лицензиясының қолданысы берешек сомасы толық өтелгенге дейінтоқтатыла тұрсын.
- Алматы облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.С. Рамазанованыңназарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.С. Рамазанованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шараларқолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорыА.Т. Тленчиевкежүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 09.07.2021 жылғы№ 06-20/1014--И ұсынысы және Алматы облысының Талдықорған қаласы сотының 16.02.2021 жылғы ұйғарымы.
Вице-министр А. Мадалиев
67
10 тамыз 2021 13:14
10 тамыз 2021