Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
__________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Юлия Гранитовна Пакке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы
18қазанда берілген № 0003110мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын. - Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ю.Г. Пактыңназарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ю.Г. Пактыңмұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановағажүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласыныңӘділет департаментінің 2021 жылғы 16шілдедегі № 1-06/5164-Иұсынысы.
Вице-министр А. Мадалиев
70
10 тамыз 2021 13:11
10 тамыз 2021