Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
|
|
BUIRYQ |
|
ПРИКАЗ |
20___жылғы __________ № ___________________
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіменЭльмираОнгарбаевна Тлепбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылғы 14сәуірдеберілген № 0000837 мемлекеттік лицензияның қолданысы2021 жылдың 27қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
- Шымкентқаласының Әділет департаменті:
1)осы бұйрықты жекеше нотариус Э.О. Тлепбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Э.О. Тлепбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директорының м.а.Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі:Шымкент қаласы Әділет Департаментінің 2021 жылғы 2тамыздағы № 02-25-06/2095-И ұсынуы және 2021 жылғы 27 шілдедегі нотариус Э.О. Тлепбаеваның арызы.
Вице-министр А. Мадалиев
55
05 тамыз 2021 18:10
05 тамыз 2021