Лицензияның күшін тоқтату туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
__________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның күшін
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың 13 мамырда Жанерке Керчаизовна Мырзалиеваға берілген №0000036 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
- Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.К. Мырзалиеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус Ж.К. Мырзалиеваның мөрін жоюды.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Байқоныр ауданының 2021 жылы 9 наурыздағы № 7145-21-002/387 шешімі.
Вице-министр А. Әмірғалиев
69
21 шілде 2021 10:53
21 шілде 2021