Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ÁDILET MINISTRLIGI |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
|
|
|
|
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
_________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияныңқолданысын
тоқтататұрутуралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен Дмитрий Владимирович Ушаковқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 17 қаңтарда берген №14000435 мемлекеттік лицензиясының қолданысы екі ай мерзіміне тоқтатыла тұрсын.
2.Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.В. Ушаковтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.В. Ушаковтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық жекеше нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шығыс Қазақстан облысының Нотариаттық палатасының 2021 жылғы 17 ақпандағы №241 ұсынуы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
74