Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылғы
13 ақпанда Клара Жилкибаевна Беркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000979 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. - Алматы облысы Әділет Департаменті:
1) К.Ж. Беркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы нотариаттық палатасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) К.Ж. Беркимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2021ж. 01.06 шығ.№06-20/788-И ұсынысы және 2020ж. 23.06. № 20-555-20-0000773 қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі.
Вице-министр А. Әмірғалиев
69
09 маусым 2021 00:00
09 маусым 2021