Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Исламгали Закарьевич Бижановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 6 қазанда берілген № 14014906 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус И.З. Бижановтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.З. Бижановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Е.Г. Холмецкаяға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус И.З. Бижановтың өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2-06/ЖТ-Б-25 ұсынуы.
Вице-министр А. Әмірғалиев
69
18 қаңтар 2021 00:00
18 қаңтар 2021