«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың
құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық қызмет және заң кқмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес»;
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесіде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Отан соғысының мүгедегі үшін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін соғыс мүгедегінің куәлігі;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: ,
«7. Қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және «Халықтың көш-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабы 5) тармақшасында көзделген тәртіпте өңірлерге қоныстандырылған этникалық қазақтың жеке басын анықтайтын құжат.».
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
60
18 қаңтар 2021 00:00
18 қаңтар 2021