
Еңбек қатынастары
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықМедиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0128 қазан 2026Мемлекеттік еңбек инспекторына жұмыскердің алғыс сөзі.

Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаІске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСынақ мерзіміндегі жұмыстың теріс нәтижесі жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскердің келісімін ескермей еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады. Бұл негіз ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағы 5-тармақшасында) көзделген. Бұл ретте, сынақ мерзімі туралы шарт міндетті түрде еңбек шартында көрсетілуі керек. Егер еңбек шартында мұндай шарт енгізілмесе, ЕК-нің 36-бабына сәйкес, жұмыскер сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылданды деп есептеледі.
Сынақ мерзімінде жұмыстан шығару жұмыскердің де, жұмыс берушінің де бастамасы бойынша заңды. Алайда, Еңбек кодексіндегі талаптардың сақталуы міндетті болып табылады.
Бұл ретте, жұмыскер жұмыс берушіні 3 күн бұрын, ал жұмыс беруші жұмыскерді 7 күн бұрын жазбаша түрде себептерін көрсете отырып ескерту қажет.
Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (91-бабтың 1-тармағы)
Еңбек демалысы 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін беріледі, бірақ жұмыс берушінің келісімі бойынша оны ертерек алуға болады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қатынасында деп есептелінеді. Осыған байланысты жұмыс берушіге де, жұмыскерге де жұмысқа нақты жіберілген күннен бастап еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері толық көлемде жүктелді деп есептеледі. Сондықтан жұмыскерге жұмыс берушіден еңбек шартының қол қойылған данасын талап ету ұсынылады.
Егер жұмыс беруші еңбек шартын ресімдемесе, өңірлік еңбек инспекциясы департаменттеріне немесе сотқа дәлелді негіздемелермен бірге арыз жазуға болады.
