Сарқанда Наурыз мейрамы сән-салтанатпен аталып өтті

Сарқанда Наурыз мейрамы сән-салтанатпен аталып өтті

Сарқан жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Мейрамға орай орталық алаңда 200 метрлік ақ дастархан жайылып, оған ұлттық тағамдар мен дәмді ас мәзірі қойылды. Жиналған қауымға наурыз көже ұсынылып, мерекелік атмосфера ерекше сезілді.

Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Мерекелік шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар “Сарқан ауданының құрметті азаматы” атағымен марапатталып, төсбелгілері табысталды.

Алаңда театрландырылған көріністер қойылып, аудан өнерпаздары әсем ән мен мың бұралған биден шашу шашты. Қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, мейрамы қызығын арттыра түсті. перевод на русский