Талдықорғанда LAWTECH «Заң мен тәртіп» атты біркүндік хакатон өтті

Талдықорғанда LAWTECH «Заң мен тәртіп» атты біркүндік хакатон өтті

Жетісу облысында жастардың құқықтық мәдениеті мен цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған LAWTECH «Заң мен тәртіп» атты біркүндік хакатон ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып құқықтық мәселелердің тиімді әрі инновациялық шешімдерін әзірлеуге қолдау көрсету.

Байқауға өңірдегі мектептер мен жоғары оқу орындарынан жасақталған 11 команда қатысып, құқық қорғау жүйесін жетілдіруге арналған тың жобаларын қорғады. Қатысушылар азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларын ұсынды.

Қазылар алқасы жобаларды өзектілігі, инновациялық сипаты, практикалық маңыздылығы және жүзеге асыру мүмкіндігі бойынша бағалады. Нәтижесінде үздік деп танылған командалар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

LAWTECH «Заң мен тәртіп» хакатоны жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, құқықтық саланы цифрландыруға бағытталған жаңа идеялардың пайда болуына серпін берген маңызды алаңға айналды.