
Талдықорған қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық акциясы сәтті өтті. Бұл шара балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың жүрегіне қуаныш ұялата білді.
Акция арқылы қатысушылар қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, балалардың өздерін маңызды әрі бағалы сезінуіне мүмкіндік жасады.
Бұл бастама Талдықорған жастарының әлеуметтік жауапкершілігін, белсенді азаматтық ұстанымын және қайырымдылыққа деген бейімділігін көрсетеді. Шара игі істер мен қайырымдылық мәдениетінің дамуына жаңа серпін берді.