Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асановтың «ФКТ: табыстың үш тірегі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асановтың «ФКТ: табыстың үш тірегі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асановтың «ФКТ: табыстың үш тірегі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Жақып Асанов кәсіби даму бойынша практикалық тәжірибесімен және тиімді тәсілдерімен бөлісіп, табыстың үш негізгі құрамдас бөлігін атап өтті: фокус, командалық жұмыс және технологиялар. Оның айтуынша, осы факторлардың үйлесімі қазіргі заманғы заңгер мен судья қызметінің тиімділігін айқындайды.

Дәріс интерактивті форматта өтіп, магистранттар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, практикалық кейстерді талдады.

Қатысушылар кездесудің практикалық маңызын ерекше атап өтті: мұндай формат кәсіби ойлауды дамытуға және сот жүйесіндегі болашақ қызметке нақты бағдар қалыптастыруға ықпал етеді.

Жоғары Сот Кеңесі білім беру үдерісіне жетекші ғалымдарды, заңгерлер мен тәжірибешілерді жүйелі түрде тарта отырып, практикалық-бағдарланған даярлықты күшейтіп, сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрлар қалыптастыруды жалғастыруда.