Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Жиі қойылатын сұрақтар

№ 1 сұрақ: Судья лауазымына орналасу үшін не қажет?

Жауап: Біліктілік емтиханын тапсыру, тағылымдамадан өту, конкурсқа қатысу.

№ 2 сұрақ: Біліктілік емтихан қанша кезеңнен тұрады және барлық кезеңдер Жоғары Сот Кеңесінде өткізіледі ме?

Жауап: Біліктілік емтиханы 5 кезеңнен тұрады, олардың кейбіреулері облыстық соттарда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы тестілеу орталығында және Жоғары Сот Кеңесінде өткізіледі. Толық ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

№ 3 сұрақ: Біліктілік емтиханына қатысу үшін құжаттар қай кезеңде тапсырылады?

Жауап: Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттарды қабылдау мерзімі жоқ. Осыған байланысты, үміткерлер құжаттарды кез келген ыңғайлы уақытта жолдай алады. Құжаттар Жоғары Сот Кеңесіне қолма-қол жіберіледі.

№ 4 сұрақ: «Құқық»/«құқықтану» мамандығы бойынша магистратурада және докторантурада оқу заң өтілі ретінде есептеледі ме?

Жауап: Оқу кезеңі, оның ішінде магистратура мен докторантурада оқу кезеңі заңды өтілге есептелмейді.

№ 5 сұрақ: Құқық саласындағы оқытушылық қызмет заң өтілі ретінде есептеледі ме?

Жауап: Иә, заң пәндері бойынша оқытушылық қызмет заң өтілі ретінде есептеледі.

 

№ 1 сұрақ

Басқа өңірде облыстық сот судьясының лауазымына орналасқысы келетін кандидат соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес қайда өтеді? Мысалы, Жамбыл облысында орналысқан кандидат Шымкент қаласының соттарына қатысуға ниет білдірген жағдайда.

Жауап:

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес кандидаттың жұмыс орны бойынша өтуі қажет. Басқа өңірдегі соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің өтуі талап етілмейді.

№ 2 сұрақ

Бұрынғы судьялар мен бала күтімі бойынша демалыста жүрген судьялар үшін облыстық соттың жалпы отырысы мен соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қай өңірде өтуі қажет?

Жауап:

Бұрынғы судьялар, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста жүрген судьялар облыстық соттың жалпы отырысынан және соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестен тек судьяның соңғы жұмыс орны бойынша немесе олар судья болып табылатын өңірде ғана өтеді.

№ 3 сұрақ

Судья қызметіне арналған конкурсқа қатысатын кандидаттардың құжаттарының қолданылу мерзімі қандай жағдайларда аяқталады? Мысалы, егер анықтаманың жарамдылық мерзімі 05.11.2020 ж. аяқталса, ал конкурс 02.11.2020 ж. жарияланса, құжаттарды қабылдау мерзімі 02.12.2020 ж. дейін.

 Жауап:

Егер құжат конкурс жарияланған сәтте жарамды болса, онда кандидат конкурсқа қатысуға құқылы.

 № 4 сұрақ

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген судья жұмысының көрсеткіштері қандай кезеңге беріледі?

Жауап:

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген кандидат қатысқан кезде оның жұмысының көрсеткіштері судья жұмысының соңғы 3 жылында, яғни бала күтімі бойынша демалысқа шыққанға дейін беріледі.

№ 5 сұрақ

Судьялық лауазымға алғаш рет ие болғысы келетін кандидатқа қандай жағдайларда еңбек кітапшасының көшірмесін ұсыну талап етілмейді?

Жауап:

Жалғыз жұмыс орны құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган болып табылатын, жазбалары тек қызметтік тізімге енгізілетін кандидат еңбек кітапшасының көшірмесін еңбек кітапшасын ашпай-ақ ұсынбайды. Егер кандидат осындай мемлекеттік органға түскенге дейін өзге жерлерде жұмыс істесе және оның еңбек кітапшасы болса, онда еңбек кітапшасы да, қызметтік тізімі де ұсынылады.

№ 6 сұрақ

Егер адам облыстық соттың және соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жалпы отырысының қорытындыларын бір жыл ішінде алған болса, оларды қайтадан алу талап етіле ме?

Жауап:

Қорытындылар мен өзге де құжаттардың қолданылу мерзімдері мынадай:

1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы - 1 жыл;

2) жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары - 1 жыл;

Қалған құжаттар әр конкурсқа жаңартылады.

№ 7 сұрақ

Егер мен конкурстық іріктеуге жиі қатыссам, судья лауазымына менің кандидатурамды қарау кезінде бұл артықшылық бола ма?

Жауап:

Жоқ, конкурстық іріктеуге қатысу саны үміткерлерді таңдауға әсер етпейді.

Содержание спойлера

 

 

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

04 мая 2024
Кадр резерві жөніндегі комиссияның 2024 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен кадр резервінен шығарылған адамдардың тізімі
05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат
05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуге жіберілген адамдардың тізімі

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары