Алматыда бал мен мал өнімдерін экспорттаудағы Еуроодақтың талаптары туралы семинар өтіп жатыр

Алматыда бал мен мал өнімдерін экспорттаудағы Еуроодақтың талаптары туралы семинар өтіп жатыр

Алматыда 11-15 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бастамасымен Еуропалық Одақтың бал мен жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттау талаптары бойынша TAIEX INTPA бағдарламасы бойынша семинар өтуде.

Шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының өкілдері, сондай-ақ бал және мал өнімдерін өндірушілер қатысуда.

Семинардың мақсаты ветеринариялық инспекторлар мен бал мен жануарлардан алынатын өнімдерді өндірушілер арасында Еуропалық Одақ Комиссиясының тиісті заңнамасын түсіну мен қолдануды жақсартуға бағытталған.

Сондай-ақ, осы семинар аясында балық өңдеу зауытында тәжірибелік сабақ жоспарланған. Семинарда сертификаттау, өндірісті зертханалық сынау, нормативтік стандарттарға қатаң сәйкестікті қамтамасыз ету үшін көрсетілген өнімдердің қадағалануы саласындағы тақырыптар қарастырылады.