
📌 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының 2026 жылғы 2 маусымдағы бұйрығымен Бақтияров Әлібек Ғабитұлы Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
👤 Әлібек Ғабитұлы 1995 жылғы 15 ақпанда Атырау облысы Мақат ауданының Мақат ауылында дүниеге келген.
🎓 2017 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша, ал 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
💼 Еңбек жолын 2017 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ветеринариялық стансасының Комсомол ауылдық округіндегі ветеринариялық фельдшері болып бастаған.
▪️ 2017–2019 жж. – Әйтеке би ауданының ветеринария бөлімінде жетекші маман;
▪️ 2019–2023 жж. – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясында бас маман;
▪️ 2023–2025 жж. – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;
▪️ 2025 – 2026 жж. – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары.
✅ 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
👏 Әлібек Ғабитұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, жауапты қызметінде мол табыс, кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз! 🇰🇿