Үкімет отырысы барысында, сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық қадағалау шараларына да назар аударылды.
«Саланың тұрақты жұмысы еліміздегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен де тікелей байланысты. Ол – халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін өте маңызды мәселе. Сондықтан өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым жұмыс істеуге тиіс.
Бұдан бөлек, аурудың алдын алу мақсатында ветеринариялық екпелерді уақтылы жүргізу қажет. Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар сырттан әкелінетін мал өнімдеріне бақылауды күшейту қажет.
Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс.Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері цифрлық платформаларға интеграциялануы керек»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.