
Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезекті 36-шы сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде он төрт мәселе қаралды.
1. Кентау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
2. Кентау қаласының Ащысай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
3. Кентау қаласының Байылдыр ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
4. Кентау қаласының Хантағы ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
5. Кентау қаласының Қарнақ ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы;
6. Кентау қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
7. Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
8. Кентау қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
9. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі қалалық ведомствоаралық штаб құрамын бекіту туралы;
10. Кентау қалалық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы;
11. Кентау қалалық мәслихатының атқарылған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі;
12. Кентау қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
13. Кентау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есептері туралы;
14. Кентау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы.
Қаралған мәселелер сессияға қатысушы депутаттардың қолдауын тауып, тиісті шешімдер қабылданды.