КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімділігін қадағалау мақсатында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары Мансап орталығына жүргізілді.

Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің мамандары қатысты.

Қоғамдық бақылау барысында, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы бақыланды.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың сұраныстарына назар аудара отырып, өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаңды болдырмай, мемлекеттік қызмет көрсету барысында тиісті жағдай жасау, сондай-ақ, клиентке бағдарлану қағидасымен жұмыс жасау керектігі түсіндірілді.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.