
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын бақылап қайтты.
Алдымен Ш.Уәлиханов көшесіндегі бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Объектідегі жұмыс кестесі, материалдардың сапасы және мердігер мекеменің міндеттемелерді орындау деңгейі бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Сапар барысында құрылысы қарқынды жүріп жатқан Спорт кешені де назардан тыс қалмады. Нысандағы құрылыс көлемі, жобалық талаптардың сақталуы және қауіпсіздік шаралары тексерілді.
Сондай-ақ Болысбек Шәріпбеков Қарнақ ауылында орналасқан, аяқталуға жақын Мәдениет үйінің құрылыс барысын қарап, жауапты тұлғаларға бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар жүктеді. Аталған әлеуметтік нысан ел игілігіне уақтылы тапсырылуы тиіс екені айтылды.
Жұмыс сапары барысында Болысбек Әбдібекұлы құрылыс қарқынын үнемі бақылауда ұстап, сапаны басты назарда ұстау қажеттігін жеткізді.