КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында Кентау қаласында алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлік нысандарының иелері мен жалға алушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында заң талаптарын сақтау, жауапкершілік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау, улы газдан уланудың алдын алу, үйдегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауы жөнінде кең көлемді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар Кентау қаласы әкімдігі, Кентау қалалық полиция бөлімі және Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесе отырып атқарды.

Жиынға Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Ш. Әділханұлы қатысып, өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында бірлескен шаралардың маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, ПБ бастығының орынбасары М. М. Қадырқұлов және Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Б. Анапия баяндама жасап, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын нақты түсіндірді.

Шараның басты мақсаты — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстарын күшейту.