КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 34-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 34-СЕССИЯСЫ ӨТТІ


Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Сессияға қала әкімі Жандос Тасов, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты. Маслихат сессиясын қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов жүргізді. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер: 1.Кентау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің шамасын төмендету туралы мәселе.
Бұл бағытта кәсіпкерлік субъектілерінің жүктемесін жеңілдету бойынша ұсыныстар талқыланды. 2.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы. Қала инфраструктурасын дамыту және әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға бағытталған серіктестік жобалары сарапталды. 3.«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.
Қызмет сапасын арттыру және тиімділікті бағалау тетіктері нақтыланды.

Сессия қорытындысы бойынша барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.