Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Әл-Фараби көшесіндегі №55, 55а, 57, 59 және Абай даңғылындағы №10 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап, жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аталған жұмыстар аясында тұрғын үй аулаларындағы автомобиль жолдары, автотұрақтар мен аяқжолдардың асфальт жабындылары жаңартылды.
2025 жылға Кентау қаласы бойынша барлығы 7 көпқабатты тұрғын үй ауласын орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.
Жандос Қалмырзаұлы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.