КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, әкімдік аппарат басшысы, сондай-ақ бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.


Алғашқы болып қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Әбілдаев сөз алып, қала және оған қарасты ауылдардағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндама жасады.


Келесі кезекте қалалық жол бөлімінің басшысы Асылбек Оралбек автомобиль жолдарын ретке келтіру және заңсыз тасымалдау мәселелері бойынша ақпарат берді.
Сондай-ақ, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Данияр Байсейтов сәулет және құрылыс саласына қатысты рейтингтік бағалау индикаторларының орындалу барысын баяндады.


Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Тасов баяндамаларға тоқтала отырып, аталған бағыттарда жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Әсіресе, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын, жолдардың сапалы жөнделуін және заңсыз тасымалдауға жол бермеуді, сонымен қатар сәулет және құрылыс саласында жоспарланған индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Сондай-ақ жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.