10 тамыз – Абай күніне орай Кентау қаласында ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара Абай ескерткішінің маңында өтіп, оған қала басшысы Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов және қала тұрғындары қатысты.
Шара аясында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, ұлы ақынға құрмет көрсетілді.
«Абай – ұлтымыздың рухани ұстыны, мәңгілік мұра қалдырған дана тұлға. Оның әрбір сөзі – тәрбиенің, парасаттың, ізгілік пен ілімнің қайнар көзі. Бүгінгі ұрпаққа Абайдың аманатын жеткізу – біздің міндетіміз.», – деген қала әкімі Жандос Қалмұрзаұлы тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Игі шарада жастар ақынның өлең шумақтарын жатқа айтып, рухани әсем әндері шырқалды.
Айта кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен 10 тамыз – «Абай күні» болып белгіленген болатын. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.