Келес ауданы бойынша ауыл және ауылдық округі әкімдерін сайлауының қорытындысы

ХАБАРЛАМА

         2021 жылғы 25 шілдеде Келес ауданының ауылдық округтері әкімдерінің бес сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

             Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес,  Келес ауданының ауылдық округтер әкімдерін және ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 Абай ауылы сайлау округі

 Абай  ауыл  әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 12655 азамат енгізілді, олардың 9179-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 89, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 48.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Абдирахманов Е.Т. – 8228;  Сихимов Д.О. - 336; Юсупов М.М.- 478

 Абай ауылы  әкімі болып  Абдирахманов Ергали Тастемирулы сайланды, 1973 жылы туған, Келес ауданы Абай ауылы әкімі қызметін атқарады,  Абай ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалымен ұсынылды.

 

                         Алпамыс батыр сайлау округі

 Алпамыс батыр  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3286 азамат енгізілді, олардың 3021-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 40, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 37.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Адилханов Е.М.– 1397; Келимбетов А.Б. – 286;  Қулмұрат Қ – 1261.

 Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі болып Адилханов Ерлан Мырзабаевич сайланды, 1990 жылы туған, Біртілек ауылдық округі әкімінің орынбасары, Абай ауылында тұрады, Өзін өзі ұсынды. 

           

Бірлік сайлау округі

Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2389 азамат енгізілді, олардың 2364-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 60, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Байгараев Н.Т.– 931;  Ботапов Б.А. – 13;  Серикбаев А.Ж.– 1360.

   Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Серикбаев Абдужамил Жакбаевич сайланды, 1984 жылы туған, Ұшқын  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі , Абай ауылында тұрады, Өзін өзі ұсынды. .

 

                                     Жүзімдік сайлау округі

 Жүзімдік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2358 азамат енгізілді, олардың 1872-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ботбаев С.С.– 1622;  Лесов Б.Е. – 210;  Тиленов Ж.К.– 18.

   Жүзімдік ауылдық округінің әкімі болып Ботбаев Сабит Сыдыкович сайланды, 1971 жылы туған, Жүзімдік  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушы , Абай ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалымен ұсынылды..

                                     Қошқарата сайлау округі

 Қошқарата ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9874 азамат енгізілді, олардың 7621-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 75, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -121.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекмуратов К.А.– 6711;  Илесов Д.О. – 714.

Қошқарата ауылдық округінің әкімі болып Бекмуратов Конай Алтынбекович сайланды, 1965 жылы туған, Қошқарата  ауылдық округі әкімі, Қошқарата ауылдық округі Жаңақоныс ауылында тұрады, "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалымен ұсынылды..

 

Келес аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Келес ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

 Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июля 2021